Құрметті әріптестер!

2022 жылы директорлар кеңесінің, университет кеңесінің және бүкіл ұжымның бірлескен жұмысы университет алдына қойылған стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталды: білім, ғылым және тәжірибе үштұғырлығын дамыту жағдайында мамандарды дайындау сапасын қамтамасыз ету; ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, академиялық денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру; диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін енгізе отырып, халыққа медициналық көмек көрсету.

Университеттердің тәуелсіз рейтингінде жетекші орындарды иеленетін Семей медициналық университеті Қазақстанда да, шетелде де сұранысқа ие дәрігерлердің тәжірибелік даярлығының жоғары деңгейін тағы бір рет растады. Цифрландыру жағдайында оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз етуде университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы орасан зор жұмыс атқарды. Жалпы, университет оқу, ғылыми және клиникалық үдерістердің барлық негізгі көрсеткіштерін орындап, қаржы-шаруашылық қызметінде оң нәтижелерге қол жеткізді.

«Семей медицина университеті» КеАҚ-ның барлық оқытушылары мен қызметкерлеріне атқарған жұмыстары үшін үлкен алғысымды білдіремін және алдағы уақытта табыс тілеймін!

 

«Семей медицина университеті» КеАҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы
профессор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова