Білім мен тәжірибе алмасу дағдыларын дамыту

23 сәуір «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай, университет кітапханасында «Білім мен тәжірибе алмасу дағдыларын дамыту» атты кітапханалық прайм-тайм өтті. Іс – шараға қаламыздың медициналық колледж және «Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы» КММ кітапханашылары және Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы, Қауымдастырылған профессордың м. а., педагогика ғылымдарының кандидаты М.Д. Жорокпаева қатысты. Іс-шара…

«Денсаулық- өмір негізі» Ақпарат сағаты

«Денсаулық- өмір негізі» Ақпарат сағаты Университет кітапхана қызметкерлері сәуір айының іс-шаралар циклі бойынша педиатрия факультеті бірінші курс студенттерінің № 1234, 1235 топтары арасында ағылшын тіліндегі оқулықтардан «Жүктеп ал да, бірден оқы» тақырыбында электронды кітап сөресін ұйымдастырып , 12- сәуір ғылым күніне байланысты «Кітаппен жарқын ғылымға» тақырыбында библиографиялық шолу және 7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «Денсаулық-өмір…

«Наурыз мейрамы – таным мен тұжырымның торабы»

Университет кітапханасы қызметкерлері наурыз айының мерекелік іс-шаралар циклі бойынша «1- наурыз Алғыс айту күні», «Сарқылмайтын жылылық, Ана атты – ұлылық» және Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай  «Наурыз мейрамы – таным мен тұжырымның  торабы» атты тақырыптарда  бірінші курс студенттерінің  № 1104,1106 топтары арасында  танымдық  сағат өткізді. Мерекелік іс-шара көпұлтты елдің халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен…

Sage journals әлемдік деңгейдегі журналдарға тестілік қол жетімділік іске қосылды

Құрметті оқытушылар мен білім алушылар! Университет кітапханасы университетте Sage journals әлемдік деңгейдегі журналдарға тегін тестілік қолжетімділік ашылғанын хабарлайды! Sage-бұл ашылуды, қол жетімділікті және өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін технологиялардың өсіп келе жатқан жиынтығы бар кітаптардың, журналдардың және кітапхана ресурстарының жаһандық академиялық баспасы. Қол жетімділік: 2025 жылдың наурыз айынан Сәуір айының ортасына дейін қол жетімді Ресурсқа сілтеме: http://www.sagepublications.com/

Электрондық ресурстармен таныстыру

Университет кітапханасында 1 курс студенттеріне күнделікті «Эпиграф» және «Аknurpress» электронды оқулықтар базасына тіркеу өткізілді. «Оқу және ғылыми бағыттағы электрондық ресурстардың мүмкіндіктері» тақырыбы кеңінен таныстырылды. Студенттерге электрондық деректер базасына тіркелу алгоритмі, ақпаратты іздеудің әдістері мен мүмкіндіктері айтылды. Ақпараттық сауаттылық оқырмандар үшін тиімді, өйткені бір уақытта теориялық білімін қалыптастырып, өзіндік жұмыстарына қажетті кітапхананың рестурстарын кеңінен қолдана алады.