Университет студенттерді жатақханаға орналастырудың басымдылығын анықтайтын критерийлерді бекітті және Семей медицина университетінің жатақханаға орналастыру, шығару және тұру жөніндегі комиссиясы жұмыс істейді.

«СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректорының 2021 жылғы 16 тамыздағы № 366 бұйрығы негізінде университетте студенттер үйлерінде орын бөлу жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады.

Студенттер үйлерінен орын 1 курс студенттеріне міндетті түрде беріледі. Орын алуға өтінімді KEYPS жүйесіндегі жеке кабинетте беруге болады. Осы жүйеде тіркелуді сізге университет қызметкерлері қамтамасыз етеді.

Өтінімдер 27 тамызда 2021 жылғы сағат 09.00-ге дейін KEYPS жүйесінде логин мен парольді алғаннан кейін қабылданады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің “Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы” 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы.

KEYPS платформасы арқылы Студенттер үйіне өтінім беру жөніндегі нұсқаулықты келесі сілтеме бойынша жүктеп алуға болады.