Тәуелсіздік- ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Тәуелсіздік күні қарсаңында топ жетекшісі Жайрбаева Жаңанұр Қамбаровнаның бірлесуімен «ТӘУЕЛСІЗДІК- МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Осыған байланысты, Мейрамбек Медеу мен Сабетбеков Арман «Адай» күйін орындаса, Аманғалиева Жібек «Тәуелсіздікке арнау» өлеңін оқыды. Тәрбие сағатының соңында топ «Желсіз түнде жарық ай» әнімен аяқтады. Тәуелсіздік- қазақ халқының сан ғасырлық арманы, олардың ұмытылыстары мен үміттерінің жемісі.
Топ жетекшісі: Ж.Қ.Жайрбаева
Мақала авторы: Жұмағалиева Гүлжан