«Семей қаласындағы өмір» тақырыбы аясында дөңгелек үстел

«Семей қаласындағы өмір» тақырыбы аясында дөңгелек үстел

24.12.2019 жылы «Семей Медицина университеті» ҚеАҚ Д.М.Тусупова атындағы педиатрия кафедрасында кафедра меңгерушісі А.А.Алимбаева, кафедра ассистенттері Г.Б.Тайоразова, Е.Е.Даирбеков, М.С.Назарбекова, Д.О.Ахметжанова және 1 жыл резидент-педиатрлардың қатысуымен 5 курс 502,506,543-топ  қазақ және шетел бөлімі студенттері арасында «Семей қаласындағы өмір» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізілді. Шетел тобы студенттері біздің ел туралы алғашқы көзқарастары қалай болғандығы, қалаға келгендегі алғашқы сезімдері, оларды қалай жылы қарсы алғандары жайлы баяндап, біздің қаламыздағы өздерінің өмірлері, бос уақыттарын қалай өткізетіндері, өздерінің ұлттық мейрамдарын біздің елде қалай атап өтетіндері туралы ақпараттармен бөлісті. Қазақ тобы студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кездесу соңында екі топ студенттері өз елдерінің әнұрандарын орындап, жылы лебіздерін білдіріп тарқасты.

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva
Рубрикалар: Оқу процесі