2022 жылдың 4-ші қазан айынан бастап академиялық мобильділік шеңберінде М. М. Уразалин атындағы “Микробиология” кафедрасының оқытушылары академик И. П. Павлов атындағы Рязань Мемлекеттік Медициналық Университетінің «Педиатрия» факультетінің 304 топ студенттеріне “Микробиология” пәні бойынша қашықтықтан оқыту сабақтары басталды. “Микробиология” пәніне байланысты академиялық мобильділік бойынша сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге Оразбаева А. К., Жаксебергенова А. Б., Разакова Н. Г. оқытушылары ат салысады.
“Педиатрия” факультетінің студенттеріне арналған “Микробиология” пәні бойынша қашықтықтан оқыту сабақтары 2022 жылдың 20-шы желтоқсан айына дейін апта сайын және тақырыптық жоспарға сәйкес өткізіледі.
Екі Университеттің оқытушылары арасындағы тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өткім келеді. Студенттердің бағалауы бойынша , сабақтар өте қызықты, түсінікті және нәтижелі өтуде.