«Тәуелсіздік жолында» атты тәрбие сағаттары өткізілді

«Тәуелсіздік жолында» атты тәрбие сағаттары өткізілді

21 қазан Республика күніне орай қоғамдық денсаулық кафедрасында Искакова А. М., Маратова Д. М. оқытушылары 1301 «Стоматология» және 202 «Қоғамдық денсаулық сақтау» кураторлық топтарымен «Тәуелсіздік жолында» атты тәрбие сағаттары өткізді.

Тәрбие сағатын өткізудің түпкі мақсаты – елдегі республикалық басқару тарихын еске түсіру, әр студент бойында өз мемлекетінің азаматы екеніне мақтаныш сезімін ұялату, Отанын, Елін дәріптеуге шақыру.