«Гастромектептің» дөңгелек үстелінің пресс релизі

«Гастромектептің» дөңгелек үстелінің пресс релизі

2022 жылдың 3 қарашасында «Семей медицина университеті» ҚеАҚ ішкі аурулар мен ревматология кафедрасының базасында «Ішектің қабыну аурулары бар науқас адамдардың диагностикасы мен маршрутизация алгоритмдері. Ішектің қабыну аурулары кезінде биологиялық терапияны қолданудың тәжірибелік сұрақтары» тақырыбындағы медициналық дөңгелек үстел өтті.

Оқу курсы Семей қаласының медициналық мамандарының ішектің қабыну аурулары (ІҚА) бойынша – ІҚА ерте диагностикасы бойынша гастроэнтерологтардың, инфекционисттердің, терапевттердің, хирургтардың ақпаратқа қолжетімдігін арттыру мақсатымен ұйымдастырылды.

Шара аумағында аймақ сарапшылары Крон ауруы мен жаралы колит сияқты ауыр аутоиммунды аурулардың ерте диагностикасы мен емі бойынша тәжірибелерімен бөлісті. ІҚА асқорыту жолының қабынуымен сипатталатын және жас пен орта жаста ерте мүгедектікке әкелетін сүлелі ауру. Дер кезінде жүргізілген диагностика мен ерте терапия аурудың дамуын бақылауға, олардың асқынуын алдын алуға немесе кеш пайда болуына көмектеседі.

Жаралы колит пен Крон ауруы әлеуметтік маңызды мәселеге жатады, ол бір жағынан аурудың ерте басталуымен, бала мен жасөспірім кезде қабыну процессінің жоғары агрессиясымен байланысты. Дөңгелек үстелдің аумағында хирургиялық пен терапиялық қызметтердің арасындағы науқас адамдардың жүргізу сұрақтары, сонымен қатар диагностикалық қызмет мамандарының арасындағы өзара қарым қатынасы қарастырылды.

Шара аумағында осы аймақта үлкен өзекті ІҚА бар науқас адамдарды жүргізу бойынша заманауи халықаралық нұсқаулар айтылды. Шара барысында аймақтық сарапшылар Семей қаласында бүгінгі күнде дәрігер гастроэнтерологтар мен терапевттердің күнделікті клиникалық тәжірибесінде жаралы колит пен Крон ауруының диагностикасы мен терапиясының заманауи стандарттарын енгізу қажеттілігі туралы ойларын бөлісті, ол келесі талаптарды шешу арқылы жүзеге асады:

  • генді-инженерлік терапияның заманауи тәсілдері қолданылатын Крон ауру мен жаралы колиті бар науқас адамның мақсатты портреті анықтау емнің күнделікті нәтижелерін біршама жақсартуға мүмкіндік береді;
  • аймақтағы ерте диагностика алгоритмін, аурудың кеш анықталу мәселелерін анықтау;
  • ІҚА диагностикасы мен емінің жаңартылған хаттамаларын (ЕССО, AGA, NICE және т.б.) дәрігер гастроэнтерологтардың күнделікті тәжірибесіне енгізу;
  • осы аймақта ІҚА бар науқас адамдардың заманауи жолын қалыптастыру.

 

Ішкі аурулар мен ревматология кафедрасы

[/vc_column_text][vc_single_image image=”125355″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқу процесі