«Сіздің даусыңыз – Сіздің болашағыңыз!»

«Сіздің даусыңыз – Сіздің болашағыңыз!»

17.11.2022 жылы «СМУ» КеАҚ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедра меңгерушісі Амренова К. Ш. және 3214 тобының кураторы Зготова Н. С. ұйымдастыруымен кураторлық сағатта «Сіздің даусыңыз – Сіздің болашағыңыз!» атты баяндама жасалды.

Баяндамада сайлауға әркімнің біркелкі қатысып, сонымен қатар, әр азамат өз еріктерімен, бейқам қалмай, уақытында қатысулары азаматтық борыш екендігі мәлімделді. Сайлауда әркімнің дауысы ерекше маңызды.

Кез келген адам нақты дауыс бере отырып, болашаққа ықпал ететіндігі белгілі. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат елдің болашақтағы дамуын айқындайды. Сондықтан, сайлаудың маңыздылығы , сайлаудағы әрбір дауыстың орны өте ерекше болатындығы нақтыланды.

Рубрикалар: Оқу процесі