2022 жылдың 14 қарашасында стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының ассистенті Сыздыкаева С. М. 404 топ студенттерінің қатысуымен «Пародонтология» пәнінен ашық сабақ өткізді.
Ашық практикалық сабағының тақырыбы «Пародонтит» “KEYPS” қосымшасындағы тақырыптық жоспарға, силлабусқа, блюпринттерге сәйкес келді.
Тақырып бойынша клиникалық жағайларды талдауға барлық студенттер белсенді қатысты. Сабақта көрнекі құралдар, тесттер, кейстер, Kahoot пайдаланылды. Сабақ соңында қатысқан студенттер мен мұғалімдерден сауалнама түрінде кері байланыс алынды.
Ашық сабаққа кафедра жетекші доцент Сулейменева Д. М., доцент Хайдарова Н. Б., сонымен қатар балалар және ортопедиялық стоматология кафедрасының ассистенттері қатысты.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]