Ішкі аурулар мен ревматология кафедрасының доценті қ.а., балалар ревматологы Рымбаева Т.Х. бастауымен 2022 жылдың 14-ші қараша мен 25-ші қараша аралығында ZOOM платформасы арқылы «Педиатриядағы буындық синдром – қарапайымнан күрделіге қарай» тақырыбы бойынша «Ересектер мен балалар ревматологиясы», «Физикалық медицина және оңалту, оның ішінде балалар», «Ересектер мен балалар травматологиясы» мамандықтарының резиденттері үшін Қысқы мектеп өткізілді.
Резиденттерге «Қысқы мектепті» өткізуді ұйымдастырған: «Ішкі аурулар мен ревматология» кафедрасы, «Д.М. Тусупова атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасы», «Травматология және балалар хирургиясы кафедрасы».
Іс-шара балалардағы буын синдромының заманауи нұсқауларға сай диагностика мәселелеріне арналған. Оның салыстырмалы диагностикасын жүргізу алгоритмі, артритпен жүретін әр алуан нозологиялық түрлерінің клиникалық сипаттамасы ерекшеліктері көрсетілген.
Буындық синдром ревматикалық аурулар, сонымен қатар одан тыс ауруларда жиі кездесетін патологиялық жағдай болып табылады. Бірқатар ауруларда (ювенильды идиопатиялық артрит, реактивті артрит және т.б.)ол клиникалық көріністе бастапқы болса, басқаларында – ол диагноздың қойылуын қиындататын белгі болып табылады. Ерекше маңызды талдама аурудың бастапқы кезеңінде тек артралгиямен көріну кезінде қажет. Берілген мектеп «резиденттен резидентке» қағидасы бойынша жүргізілген, онда әртүрлі мамандық резиденттері өз бағыттары бойынша ақпаратпен бөліскен.
Берілген іс-шараның мақсаты буындық синдроммен жүретін ревматикалық және ревматикалық емес аурулар кезінде салыстырмалы диагностика жүргізу.
Қысқы мектептің ашылуы артриті бар балаларды жалпы қарау әдісі бойынша тәжірибелік бөліктен басталған.
Келесі отырыс ашылуы ішкі аурулар мен ревматология кафедрасының доцент қ.а., балалар ревматологы Рымбаева Т.Х. мәлімдемесінен басталды, ол өзінің мәлімдемесінде поли-, олиго-, моноартикулярлы зақымдану, арқадағы ауырсыну және буыннан тыс жұмсақ тіндер аурулары кезінде диагностикалық ізденіс сызба нұсқасымен бөлісті. Ары қарай 2-ші оқу жылы Өскемен қ. резидент – ревматологы Мухаметуалиева Н. «Балалардағы аутоқабынулық аурулар» тақырыбы бойынша мәлімдеме жасап, қабыну механизмінің реттелуі бұзылысы негізіндегі генетикалық детерминирленген аурулар тобымен таныстырды. Берілген тақырыпты таңдау себебі, мұндай аурулар жиі анықталмаған генезді қызба бетпердесі түрінде жасырылуы мүмкін. «Ересектер мен балалар ревматологиясы» мамандығы бойынша резидент Бейсенгазинова А. ревматикалық ауруларды қарап тексеру және физикальды қарау ерекшеліктерімен, pGALS (paediatric Gait Arms Legs and Spine) халықаралық жүйесі бойынша тірек-қимыл қозғалыс аппаратын детальды зерттеу, ACR-pedi критерилері бойынша ювенильды артритпен балаларда антиревматикалық ем тиімділігін бағалаумен таныстырды.
Ары қарай басқа мамандық бойынша резиденттер өздерінің тақырыптары бойынша мәлімдеме жасады. Сонымен, 2-ші оқу жылындағы резидент травматолог Болатұлы Алишер Пертес ауруы бойынша 2 клиникалық жағдай бойынша қызықты мәлімдеме жасады.
«Физикалық медицина және оңалту, соның ішінде балалар» мамандықтары бойынша резиденттер артритпен ауыратын балалардың кешенді оңалту жүргізу бойынша бейне көрсету арқылы қызықты мәлімдеме жасады. Алибек Ернар и Даутбекова Дамира қатысушыларды физиотерапиямен, кинезотерапиямен, тейпирленумен таныстырды, буындарға тейп орналастыру әдісімен таныстырды.
Мектеп өткізу барысында жасалған мәлімдемелер қатысушыларда үлкен қызығушылық тудырды. Басқаша айтқанда мини конференция түрінде өткізіліп, әртүрлі мамандық резиденттеріне балалардағы буындық синдромы диагностикасын жүргізу жолдарын көрсетті.
Іс-шара соңында «Физикалық медицина және оңалту» кафедрасының меңгерушісі Алимбаева А.Р. Ішкі аурулар мен ревматология кафедрасына берілген іс-шараны ұйымдастырғаны үшін, ал резиденттерге – қызықты әрі ақпаратқа толы мәлімдеме жасағандары үшін алғыс айтты.[/vc_column_text][vc_single_image image=”128943″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]