Медициналық мамандықтар студенттерінің ішкі академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету Болон Конвенциясының қағидаттарын іске асырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, медициналық мамандықтар студенттеріне Қазақстан аумағындағы әріптес жоғары оқу орындарында оқудан өту мүмкіндігі беріледі. Ішкі академиялық ұтқырлықтың мақсаты: әріптес жоғары оқу орындарының білім беру кеңістігіне интеграциялау; әріптес жоғары оқу орындарының білім беру ресурстарын пайдалану болып табылады. Ішкі академиялық ұтқырлық жеке дамуға, одан әрі жұмысқа орналасуға, жоғары оқу орындары мен білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде,29 қарашадан 15 желтоқсан аралығында КеАҚ “Қарағанды медицина университеті” «Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенттері 4433-тобы КеАҚ “Семей медицина университеті” психиатрия және наркология кафедрасының базасында “клиникадағы жүйке жүйесі және сезім мүшесі” циклі, “Психиатрия” пәні бойынша оқудан өтті. КЕАҚ “Семей медицина университеті” психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Тимур Мұратұлы Молдағалиев, оқу ісі меңгерушісі Асхат Уазірханұлы Ермекбаевтың жетекшілігімен КеАҚ “Қарағанды медицина университеті” студенттерінің ішкі ұтқырлық бағдарламасы сәтті жүзеге асырылды. Тақырыптық жоспарға сәйкес теориялық, практикалық құзіреттілікті игеруден тұратын “Психиатрия” пәні бойынша сабақтар циклі өткізілді. “Психиатрия” пәні бойынша оқуды аяқтағаннан кейін, КеАҚ “Қарағанды медицина университеті” Жалпы медицина мамандығы 4 курс 4433 -топтың студенттері формативті бақылау кезеңдерінен сәтті өтті, оң кері байланыс алынды.