2022 жылдың 5 желтоқсанында қоғамдық денсаулық кафедрасында “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 3,4 курс студенттері арасында жалпы эпидемиология бойынша пәндік олимпиада өтті.
Олимпиада екі турдан тұрды: бірінші тур тестілеу болды. Қазылар алқасының мүшелері (м.ғ.д, профессор Чайжүнісова Н. Ж., м.ғ.к., профессор Тоқанова Ш. Е., м.ғ.к., доцент Токешева Ш. М.) қатысушылардың жұмыстарын тексеріп, бағалады. Тестілеу қорытындысы бойынша 3 команда («Эпидемиологиялық қадағалау», «Гигиена», « Болашақ») құрылды.
Олимпиаданың екінші туры 3 кезеңнен тұрды: 1 – блиц-сұрау; 2 кезең – практикалық дағдыларды бағалау және 3 кезең – «CS-case-study». Команда мүшелері эпидемиологиялық қадағалау және эпидемияға қарсы іс-шараларды әзірлеу бойынша теориялық білімдері мен дағдыларының жеткілікті жоғары деңгейін, шығармашылық қабілеттерін, топта жұмыс істеу қабілетін көрсетті.
Олимпиада жеңімпазы “Гигиена” командасы, 2 орынды “Эпидинадзор” командасы және 3 орынды “Болашақ” командасы иеленді.
Пәндік олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
Қоғамдық денсаулық кафедрасы[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]