2022 жылы желтоқсан айының 14 күні «СМУ» КеАҚ «Мейіргер ісі» кафедрасында тәрбиелік мақсатта кураторлық топтармен (1231, 1232, 2322, 2323, 2127,2325″Педиатрия”, 1105, 2120, 2221, 1216, 1218 “Жалпы медицина”, 108 “Стоматология”) «Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы» атты тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, шығармашылық, тарихи ойлау қабілетін дамыту.
Тапсырмалар:
1) өз еліне деген патриоттық сезімін ояту;
2) Қазақстан тарихына қызығушылықты дамыту;
3) Батыр Қайрат Рысқұлбековтың тағдыры туралы айту.
Бүгінгі іс-шарамызды 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Отанымыздың азаттығы үшін күреске шыққан батырларымызға арнаймыз.
Сонау, 1991 жылы 16 желтоқсанда республикамыз Тәуелсіздікке қол жеткізді.
Қазақстан халқы азаттық пен тәуелсіздік үшін күрескен қайраткерлердің есімдерін ешқашан ұмытпайды.
«СМУ» КеАҚ «Мейірбике ісі» кафедрасының ассистенттері