Қысқы мектеп «Балалардағы вирусты гепатиттер»

Қысқы мектеп «Балалардағы вирусты гепатиттер»

Ағымдағы жылдың 06-19 желтоқсан аралығында балалар жұқпалы аурулары кафедрасында кафедра меңгерушісі Эфендиев Имдат Мусаевичтің жетекшілігімен “Жалпы медицина” мамандығының 4 курс студенттері, “Жалпы дәрігерлік практика” мамандығының 6 кура интерндері және күндізгі режимде 2 жыл оқитын резидент-педиатрлар үшін “Балалардағы вирустық гепатиттер” қысқы мектебі өтті.

Вирустық гепатит (ВГ) әлемдік денсаулық сақтау жүйесінде өзекті мәселе. 2030 жылға қарай ВГ халық денсаулығына қауіптілігін жою мақсатында ДДҰ 2016 жылы “Вирустық гепатит бойынша Денсаулық сақтау секторының жаһандық стратегиясын” қабылдады. Ол сырқаттанушылықты 90% – ға, ВГ-дан өлім-жітім көрсеткіштерін 60% – ға төмендетуді қамтиды. Осыған байланысты, аталған мектепті өткізудің мақсаты – білім алушылардың балалардағы вирустық гепатиттердің клиникалық диагностикасы, дифференциалды диагнозы, терапиясы және алдын алу бойынша білімдерін бекіту.

Қысқы мектеп бағдарламасы келесі сұрақтарды қамтыды: балалардағы сарғаю синдромының дифференциалды диагностикасы, инфекцияның фекальды-оральды механизмі бар вирустық гепатиттер (А және Е), парентеральды вирустық гепатиттер (В, С, Д), созылмалы В және С вирустық гепатиттері, герпетикалық және цитомегаловирустық гепатиттер және балалардағы вирустық гепатиттердің нақты алдын-алу. Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының қызметкерлері: кафедра меңгерушісі И.М. Эфендиев және ассистенттер: А. А. Мансурова, А. В. Сутормина, А. К. Кумарбекова, Е. С. Смаилов, Т. Д. Далелқанова баяндама жасады.

Соңғы күні материалды бекіту мақсатында Kahoot платформасында Қысқы мектеп қатысушылары арасында тестілеу өткізілді.

Салтанатты жағдайда қатысушыларға сертификаттар табысталды. Білім алушылар балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі И.М. Эфендиевке және барлық ұжымға қысқы мектепті ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыстарын білдірді.

Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі