“Ересектер, балалар гастроэнтерологиясы” мамандығы бойынша бірінші оқу жылының резиденттерінде “Journal Club”сабағы

“Ересектер, балалар гастроэнтерологиясы” мамандығы бойынша бірінші оқу жылының резиденттерінде “Journal Club”сабағы

Резиденттерді ғылыми жұмысқа тартудың алғашқы кезеңдерінің бірі – ғылыми мақалаларды оқуды және түсінуді үйрету, эксперименттік дизайнның күшті және әлсіз жақтарын критикалық тұрғыдан бағалау мақсатында “Journal Club” сабақтарын өткізу әдістемесі болып табылады. Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының оқытушылары резиденттерді тақырыппен алдын-ала таңдауға ұсыныс береді және мақалаларды таңдауға бағыт бағдар береді, электронды ресурстарды таңдаңдауда сараптау кезеңінің тереңдігін ұсынады. Резиденттердің жұмысы ұсынылған презентациялар бойынша бағаланады, онда дәлелді медицина тұрғысынан заманауи аналитикалық нәтижелер ақпарат көзіне міндетті түрде сілтеме жасай отырып көрсетіледі.

Сонымен, “Гепатология” пәні бойынша оқудың бірінші жылының резидент –гастроэнтерологтары келесі тақырыптар бойынша аналитикалық шолулар жүргізді: бауыр циррозын емдеудегі бағаналы жасушалар, ішек микробиомасы және бауыр аурулары, есірткіден туындаған гепатиттер, NAFL диагнозындағы фиброздың индекстері. “Journal Club” форматындағы пікірталас нәтижелері бойынша кері байланыс резидентті осы әдістеме бойынша оқыту оның электрондық ресурстармен жұмыс істеу, ғылыми материалдарды жинау және талдау, эссе құрастыру, қорытындылау, сыни ойлауды және материалды баяндау шеберлігімен көпшілік алдында сөйлеу дағдысын дамыта білу дағдыларын шыңдайтынын көрсетті.

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі