InterProfessional Peer Training – болашақ гастроэнтерологтар мен нефрологтардың кәсіби ынтымақтастығының табысты тәжірибесі
Резиденттерді жұмыс орындарында оқытудың тиімділігі және олардың кәсіби дамуы көбіне академиялық және клиникалық тәлімгерлікті ұйымдастыру сапасына байланысты. Кәсіби аралық тәсілді қажет ететін клиникалық жағдайларды шешу үдерісіне белсенді түрде резиденттерді тарту үшін ішкі аурулар және ревматология кафедрасы кәсіпаралық бірін-бірі оқыту әдісін («InterProfessional Peer Training», IPPT) енгізді. Әдістің мәні – бірнеше мамандықтар резиденттерімен клиникалық жағдайды талдау үшін…