Электрондық ресурстар оқу құралы ретінде

Электрондық ресурстар оқу құралы ретінде

Цифрлық электрондық ресурстар – электрондық форматта ұсынылған, оқу процесінің тиімділігін арттыруға пайдалану үшін және оқытудағы негізгі міндеттерді орындауға бағытталған заманауи ақпараттық құралдар.

2023 жылдың 14 наурызы күні университет кітапханасы ғылыми-зерттеу бөлімімен бірлесіп «Цифрлық электрондық ресурстар- білім беру технологияларының құралы ретінде» атты семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: студенттерді UpToDate деректер базасына институционалдық жазылуын, Қазақстан Республикасы университет кітапханаларының қауымдастығының бастамасымен, McGraw Hill баспасы ұсынған заманауи оқу және ғылыми үдерісте қолданылатын лицензияланған электрондық және ғылыми шетелдік ресурстарымен таныстыру. Сондай-ақ Primal Pictures, Begell House, AccessMedicine, BMJ сияқты ресурстар ұсынылды.

Семинарға 1-3 курстың докторанттары қатысты.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі