“Наурыз мейрамы” – Қазақстандағы ең сүйікті халықтық мерекелердің бірі. Ол әлі күнге дейін негізгі мемлекеттік мерекелердің бірі болып қала береді және халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сәйкес атап өтіледі. 17 наурызда симмуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушысы Э. А. Жакупбекова 3215 кураторлық тобымен “Наурыз Ұлы ұлттық мереке!» атты кураторлық сағат өткізді. Студенттер қазақ стилінде киініп, қызықты және мазмұнды кездесу өткізді. Өлеңдер оқылып, Наурыз мейрамының шығу тарихы және де наурыз көже туралы ақпарат алмасты. Наурызға арналған кураторлық сағат ішінде студенттер белсенділік танытып, көптеген ақпарат алды.[/vc_column_text][vc_single_image image=”140197”][/vc_column][/vc_row]