Семей қ. жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында RITA бағдарламасы шеңберінде өткізілетін “Қазақстандық жастарда сүт безі обырын өзінде анықтауға оқыту” халықаралық жобасы іске асырылуда. КеАҚ “СМУ” жобасының үйлестірушісі м.ғ.м. Балашкевич Н. А. болып табылады.
Тиісті оқудан өткеннен кейін бірінші және екінші оқу жылындағы “отбасылық медицина” мамандығының резиденттері осы жобаның іс-шараларын іске асыру үшін, атап айтқанда, интерн-дәрігерлер үшін семинарлар өткізу мақсатында еріктілер ретінде тартылды. Резиденттер Төлеуғазинова А.А. және Төлеуғожина А.А., клиникалық тәлімгердің м.ғ.к. Семей қ. Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының доцент м.а. Әдилгожина С. М. жетекшілігімен 24 ақпан, 3 және 6-7 наурыз 2023 ж. бастап 602, 604, 606, 607, 610, 611, 612, 613, 614 топ дәрігер-интерндерінің арасында оқыту семинарларын өткізді. Тіркелгеннен кейін бірден қатысушыларға пре-тест тапсыру ұсынылды. Семинардың теориялық бөлігінде сүт безі обырын өзінде анықтау бойынша интерактивті дәріс оқылды, практикалық бөлігінде муляждарда сүт безін пальпациялау бірнеше техникасы көрсетілді. Шағын топтарда жұмыс істей отырып, барлық білім алушылар муляждарда сүт безін тексерудің дағдыларын игеруге мүмкіндік алды. Тыңдаған материалды игеруді бағалау мақсатында оқу аяқталғаннан кейін дәрігер-интерндер пост-тесттен өтті. Барлық қатысушыларға оқу аяқталғаннан кейін халықаралық үлгідегі сертификаттар берілді.[/vc_column_text][vc_single_image image=”141472″][/vc_column][/vc_row]