Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында И. П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университетінің қосымша кәсіптік білім беру факультетінің (ҚКББФ) педиатрия курсымен және ПОҚ және амбулаторлық-емханалық педиатрия кафедраларымен ынтымақтастығы Семей медицина университеті жалғасын табуда.
27 наурызда Рязань мемлекеттік медицина университетінің ҚКББФ педиатрия курсы бар емхана және факультеттік педиатрия кафедрасының меңгерушісі Белых Наталья Анатольевна “Ауруханадағы балалар жұқпалы аурулары-2” пәні аясында “Ересектер, балалар жұқпалы аурулары” мамандығының (201 және 202 топ) Семей медициналық университетінің резиденттері үшін “жатырішілік инфекциялар” бөлімі бойынша практикалық сабақтар өткізе бастады. Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары келесі тақырыптарды қамтиды: цитомегаловирусты инфекция, токсоплазмоз, туа біткен қызамық, қарапайым герпес және листериоз. Оқыту Pruffme платформасында жүргізіледі.
Сабақ барысында оқыту мен бағалаудың әртүрлі әдістері қолданылады: тест тапсырмаларын шешу, ауызша талдау, клиникалық жағдайларды талдау, сабақ тақырыбы бойынша бейнероликтер көрсету, кері байланыс. Сабақ циклі аяқталғаннан кейін аралық бақылау жүргізу және резиденттерге бағалау парағын беру жоспарлануда.
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]