Абай облысының Әуезов жедел шұғыл медициналық көмек қосалқы станциясында кене инфекцияларының алдын алу бойынша семинар өтті

Абай облысының Әуезов жедел шұғыл медициналық көмек қосалқы станциясында кене инфекцияларының алдын алу бойынша семинар өтті

Көктемнің басталуымен кенелердің көбеюі және тіпті қалалық саябақтарда пайда болуы кене энцефалиті, боррелиоз, риккетсиоз және т.б. сияқты кене инфекцияларын жұқтыру қаупіне байланысты алаңдаушылық туғызады. Кене энцефалиті бұл тізімдегі ең ауыр ауру. Көбінесе кене энцефалиті қызба түрінде жүреді, бірақ одан да ауыр ағымда болуы мүмкін, ол өлімге немесе ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Облысымызбен шектесетін ШҚО аумағында кене энцефалитінің табиғи ошақтары Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті (Самар аймағы), Ұлан, Шемонаиха аудандары, Риддер және Өскемен қалаларының айналасы болып табылады.

31.03.2023 ж. Абай облысының Әуезов жедел медициналық көмек қосалқы станциясында кене инфекцияларының: кене энцефалитінің және кене сүзегінің алдын алу бойынша семинар өтті. Семинар спикерлері ретінде “Отбасылық медицина” мамандығының 102 тобының резиденттері және КеАҚ “СМУ”  ЖТД 616 тобының  интерндері сөз сөйледі. Семинар аясында болашақ дәрігерлер кене энцефалитінің эпидемиологиясын, клиникасын, кене энцефалитінің, кене сүзегінің диагностикасын атап өтіп, кене энцефалитінің спецификалық және спецификалық емес профилактикасына ерекше назар аударды.

Семинарға қатысушылар кене энцефалитінен қорғауға арналған қолданыстағы вакцина препараттары, олардың тиімділігі мен қолдану құрылымдары, сондай-ақ кене шағуының алдын алуға бағытталған шаралар және егер кене шағуы орын алса, қажетті әрекеттер туралы ақпарат алды.

Шаймарданов Н.К., Смаил Е. М.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі