Проф. Ю. В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және Сот медицинасы кафедрасының қызметкерлерінің research based learning-зерттеуге бағытталған оқытуға арналған жас оқытушы мектебінің онлайн отырысы

Проф. Ю. В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және Сот медицинасы кафедрасының қызметкерлерінің research based learning-зерттеуге бағытталған оқытуға арналған жас оқытушы мектебінің онлайн отырысы

2023 жылғы 24 наурызда профессор Ю. В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицина кафедрасының меңгерушісі м.ғ. д., профессор Шабдарбаева Д. М. және кафедра қызметкерлері: ассистент, м.ғ. к. Жакипова А.А., PhD, доцент Узбеков Д.Е. зерттеуге бағытталған Research based learning-оқытуға арналған жас оқытушы мектебінің онлайн отырысына қатысты. Тыңдаушыларды RBL негіздерімен таныстыра отырып, оқытушылар оқушыларды ғылыми зерттеулерге тартуды, болашақ дәрігерлердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, жеке жауапкершілікті, командада жұмыс істей білуді, қажетті ақпаратты тауып, талдай білуді көздейтін осы әдістемені енгізудің табысты нәтижелерімен бөлісті. Сондай-ақ ғылыми жұмысқа және ағылшын тілін үйренуге одан әрі қатысуға мотивация алған білім алушылардың кері байланыс нәтижелеріне назар аударылды. Сөз соңында тәлімгерлер студенттердің ғылыми зерттеулерін орындау аясында AISU pro бағдарламасын қолдану тәжірибесімен бөлісті.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]