Тәрбие жұмысы аясында және Қазакстан Республикасы Қарулы Күштері замануи армиясының әскери техникасы мен қару-жарақтарының негізгі түрлерімен танысу мақсатында, «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының офицерлері медицина қызметінің полковнигі Ш.О. Орынбасаров, медицина қызметінің подполковнигі Н.С. Смаиловтың жетекшілігімен, кафедрада білім алушы студенттер Семей қаласының Әскери техниканың ашық аспан мұражайына және Гарнизондық офицерлер үйіне саяхат жасады.
Ашық аспан мұражайында әр түрлі кезеңдегі әскери техникалар үлгілері мен бабаларымыздың ерліктерін насихаттаушы Ұлы Отан соғысына арналған мемориал орын алған.
Ал Офицерлер үйін тамашалау кезінде қызметкерлері бар ынталарымен мұражай экспонаттарын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінін кұрылуының басты белестері туралы әңгімелеп берді. Бұл мекемеде Әскери даңқ мұражайы мәдени-тәрбиелік, әдістемелік және демалыс қызметін атқарып келеді.
Гарнизондык офицерлер үйі әскери қызметшілердің және Қарулы Күштердің азаматтық персоналдары мен олардын отбасы мүшелерінің рухани қажеттілік, тәрбие, мәдени-ағарту мен демалыс шараларын ұйымдастыруды іске асыру мақсатына арналған.
Бұл шара студенттердің әскери кафедрада алған білімдерін бекітуге, сондай-ақ, рухани және мәдени дамуларына, Отанымыздын тарихына ерекше құрметпен қарауларына үлкен ықпалын тигізді.
Осындай ақпараттық шараны ұйымдастырған әскери кафедраның офицерлік құрамына ризашылығымызды білдіреміз!
Әскери кафедра студенттері[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]