5 курс студенттерінің академиялық ұтқырлығы

5 курс студенттерінің академиялық ұтқырлығы

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университеті мен Семей медицина университетінің жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының ынтымақтастығы жалғасуда.

11 сәуірде Рязань мемлекеттік медицина университетінің оқытушылары Е.А. Карасеева мен К.А. Агеева “жұқпалы аурулар” циклі бойынша Семей медицина университетінің 5103 тобының студенттеріне практикалық сабақтар өткізе бастады. Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары 5-ші курстың тақырыптық жоспарына сәйкес тақырыптарды қамтиды. Сабақ барысында оқыту мен бағалаудың әртүрлі әдістері қолданылады: тест тапсырмаларын шешу, ауызша талдау, клиникалық жағдайларды талдау, сабақ тақырыбы бойынша бейнероликтер көрсету, кері байланыс. Сабақ циклі аяқталғаннан кейін бақылау тестілеуін өткізу және бағалау парағын беру жоспарлануда.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқу процесі