«Егде және қарт жастағы пациенттерге мейіргерлік көмек көрсету» тақырыбындағы жазғы мектеп

«Егде және қарт жастағы пациенттерге мейіргерлік көмек көрсету» тақырыбындағы жазғы мектеп

15.05.2023 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасында «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 1 және 4 курс студенттеріне арналған жазғы мектептің бірінші күні ұйымдастырылды. Мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі, PhD Жуманбаева Ж.М. құттықтау сөз сөйледі. «Егде және қарт жастағы пациенттерге мейіргерлік көмек көрсету» тақырыбына дәрісті мейіргер ісі кафедрасының ассистенті А.М. Шарапиева оқыды.

16.05.2023 жылы мейіргер ісі кафедрасының ассистенттері практикалық дағдылар алгоритмдерін көрсетті:

1 станция: «Ойылудың профилактикасы»;

2 станция: «Тазарту клизмасы»;

17.05.2023 жылы ассистенттер студенттерге келесі станциялар бойынша оқытуды жалғастырды:

3 станция: «Пациентті толық санитарлық өңдеу»;

4 станция: «Пациентті жартылай санитарлық өңдеу».

18.05.2023 жылы жазғы мектеп жұмысының қорытындысы бойынша студенттер қорытынды тестілеуден өтті. Бұл күні жазғы мектептің әрбір қатысушысы кері байланыс берді.

19.05.2023 жылы жазғы мектептің барлық қатысушыларына сертификаттар мен сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.

Ұйымдастырушылар: мейіргер ісі кафедрасының ассистенттері.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]