Жоғары медициналық оқу орны оқытушысын педагогикалық шеберлікке оқыту оның бүкіл кәсіби өмірінде жүзеге асады және біліктілікті арттыру курстарынан өту, аға әріптестерінің тәлімгерлік етуі, өз тәжірибесін жинақтау және қызметін талдау арқылы жүзеге асырылады.
2023 жылдың 25 мамырында Zoom платформасы арқылы Жас оқытушылар мектебінің онлайн отырысы өткізілді. Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының меңгерушісі Каскабаева Алида Шариповна кафедраның «Стандартталған науқас» білім беру қорының қолданылуымен кафедраның көп жылғы тәжірибесімен бөлісті. Мектеп тыңдаушылары жұмыс циклінің барлық кезеңдерімен танысты; студенттің стандартталған науқаспен қарым-қатынас үрдісінің бейнежазбасы мен чек-беттерінің мысалдары көрсетілді.
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы