Біз, «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы әскери кафедрасының 3, 4 взвод курсанттары, оқытушылар запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлының, запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смагулов Ардабек Тулеубековичтің басқаруымен, оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңінде Семей қаласының Әскери госпиталі базасында кәсіптік практикадан өттік.
Алғашқы сәттен бастап алған әсеріміз өте ерекше.
Практикадан өту барысында біз терапия, хирургия, қабылдау бөлімі, дәріхана, зертхана, функционалды диагностика, физиотерапия т.б бөлімшелерінде атқарылатын жұмыс ауқымымен танысып, практикалық дағдыларымызды дамытуға мүмкіндік алдық. Кезекші дәрігердің көмекшісі ретінде жұмыс атқардық. Әскери госпиталь басшылары, медицина қызметінің басшысы мен қызметкерлері өздерінің функционалды міндеттерімен таныстырды.
Сонымен қатар, курсанттардың жаңа аспаптармен жұмыс істеу алгоритмі талданды. Әскери госпиталь жаңа үлгідегі медициналық құрылғылармен, заманауи (КТ,УДДГ, Велоэргометрия, Холтерлік мониторинг т.б.) аспаптармен қамтылған. Госпитальде медициналық көмек көрсетудің ауқымы кең екенін оңай аңғаруға болады.
Практиканың арқасында көптеген дағдыларды бойымызға сіңіруге мүмкіндік туып, курсанттардың мамандығына деген қызығушылығы одан сайын арта түсті. Ел қорғанына айналған әскери қызметшілердің қатардан шет қалмай, денсаулығының берік болуында әскери госпитальдің алар орны орасан екенін түсіндік.
Жалпы, әскери госпиталь әскери әлеуеттің ғана емес, қазақстан медицинасының өркен жаюына өз үлесін қосып жатқанына куәгер болдық.
Болашақта өз ісіміздің беделді маманы болуымызға ат салысқан Әскери госпиталь ұжымына курсанттардың атынан үлкен алғысымызды білдіреміз!
4 взвод командирі Сағындықова Гүлнұр Жәнібекқызы[/vc_column_text]