«Ошақ» тактикалық-арнайы сабағы
«Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерінің оқу-жаттығу жиынының сабақ кестесіне сәйкес, 22-23 тамыз 2023 жылы әскери кафедра оқытушыларының басшылығымен «Ошақ» тактикалық-арнайы сабағы өткізілді. Сабақ барысында курсанттар оқу медициналық ротасының негізгі бөлімшелерін орналастыру және «шартты түрде жараланған науқастарға» медициналық көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды орындауды пысықтады. «Шартты жарақат» алған жерден оларды медициналық ротада пункт ішіндегі сұрыптау және…