ШҚТУ студенттері биохимия және химиялық пәндер кафедрасының зертханасына бару

ШҚТУ студенттері биохимия және химиялық пәндер кафедрасының зертханасына бару

Бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша, КеАҚ «Семей медицина университетінде» оқитын ШҚТУ «Медициналық инженерия» мамандығының 203, 201 топ студенттері, 22 қыркүйекте биохимия және химиялық пәндер кафедрасының бірлескен оқу зертханасына барды. «Биохимия және биология негіздері» пәнін оқитын студенттер әртүрлі биохимиялық көрсеткіштерді анықтау үшін медицинада кеңінен қолданылатын рефрактометр, фотоэлектрокалориметр, зәр анализаторы, гематологиялық анализатор, биохимиялық анализатор сияқты зертхананың медициналық жабдықтарымен танысты. Кафедра меңгерушінің міндетін атқарушы Р.Р.Олжаева,  кафедра доценті Р.Т.Дінжуманова, кафедраның аға лаборанты М.М.Шаймарданова, зертхананың қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп, биохимиялық анализаторды қолдану әдістемесін көрсетті. Зертханамен, медицинада қолданылатын аспаптармен танысу «Медициналық инженерия» мамандығы студенттерінің болашақ кәсіби қызметі үшін маңызды және тәрбиелік мәні зор.

Р.Р.Олжаева, Р.Т. Дінжұманова[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]