Деканмен кездесу

Деканмен кездесу

2023 жылдың  25, 26, 27 қыркүйек күндері Медицина мектебінің деканы Узбекова Салтанат Есенгалиевна «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 4-5 курс, «Медицина» және «Педиатрия» ББ 2 курс студенттерімен кездесу өткізді. «Медицина» және «Педиатрия» ББ 2 курс білім алушыларына үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламасына көшу себептері түсіндірілді. Жиналыс барысында декан білім алушыларды  2023-2024 оқу жылына арналған Академиялық саясаттағы өзгерістермен таныстырды. Білім алушыларды жиынтық емтиханға 90% қатысумен жіберілетіндері туралы, сонымен қатар күн сайын кафедраларда бос уақыт кестесіне сәйкес босатқан сабақтарын өтеу мүмкіндігі берілетіні туралы айтып қуантты. Академиялық адалдық саясаты және студенттерге қатысты оны бұзғаны үшін қолданылатын тәртіптік шаралар туралы айтып өтті. 5 курс білім алушыларымен өткен жиналыста курс координаторы Шаханова Айжан Тунгышхановна сөз сөйлеп, студенттердің алдағы сессияға және қорытынды мемлекеттік аттестаттауға қатысты сұрақтарына жауап берді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқу процесі