Волонтерлік- көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Бүгінде сондай игі іске құштар болған “Семей медицина университеті”, стоматологиялық факультетінің 502,505,406 топ кураторлары- Кабдыканов Сымбат Камалканович, Калиханова Куралай Ергалиевна, Сайлаугалиева Сабина Сайлаугалиевна жетекшілігімен топ студенттері қол ұшын созуға ат салысты. Осыған байланысты, 10.10.23 ж суық және ылғалды үйлерді аралап, біздің еріктілер көмірмен қамтамасыз етуге көмектесуді ұйғарды . Қажетті қаражат жиналып, 2 тонна көлемінде көмір алынып, жүк көліктерімен үйлеріне жеткізілді. Белсенділердің күшімен құрылыс материалдарының қалдықтарынан тазартылып, аулада тәртіп орнатылды.Еріктілердің бұл ісіне риза болған үй иелері, алғыстарын білдірді. Осындай ізгі істер өзге жастарға үлгі болады деп санаймыз.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]