Оқушылардың хабардарлығын дамыту

Оқушылардың хабардарлығын дамыту

12.10.23 жылғы Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде Семей қаласының ЖТД кафедрасының қызметкері м.ғ.д. Қазымов М.С және ЖМ ББ 5112 кураторлық тобының студенттері Абай облысы Семей қаласының №4 орта білім беру мектебінің 10-11 сынып оқушылары үшін кездесу өткізді. Кездесу барысында “МУС” КЕАҚ – да: кәсіптік бағыттағы, дайындық бөлімінде – Medical Foundation бағдарламасы, білім беру бағдарламалары, гранттар, ақылы оқыту, әскери кафедраның болуына назар аударылды.

Біздің университет туралы буклеттер барлығына таратылды, кері байланыс ретінде сұрақтар мен жауаптар түрінде сенімді әңгіме жүргізілді. 5112 ОП ОМ кураторлық тобының студенттері оқу және қоғамдық өмір тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу соңында Семей қаласындағы №4 мектептің 11-сынып 5 оқушысы ” МУС ” КЕАҚ оқуға түсуге ниет білдірді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Категориясыз