«Семей медицина университеті» КеАҚ-да Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында алғашқы болып сөйлеген Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Ахметқалиұлы Дюсупов жиналған 25-ші қазан Қазақстан тарихындағы орны туралы айта келе жиналған қауымды келе жатқан Ұлттық мерекемен құттықтады. Мұнымен оқу орнының басшысы құрметті қонақтар мен Университет госпиталінің, филиалдардың мамандарына, университеттің құрылымдық бөлімдерінің басшыларына, оқытушылар мен қызметкерлерге марапаттар табыстады. Олардың арасында «Университетке сіңірген еңбегі үшін», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Адал еңбегі үшін», «Құрметті түлек» төсбелгілері бар. Одан кейін сөз алған Семей қаласы әкімінің орынбасары Мұқатаев Жәнібек Қайратұлы құттықтау-тілегін айтып бірқатар оқытушыға шаһар басшысының Алғыс хаттарын табыстады. Одан кейін ортаға шыққан «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының өкілі Төлеужанұлы Мирғали лебізін білдіріп, университеттің бірқатар бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлерін, оқытушыларын кәсіподақтың Құрмет грамотасы Алғыс хаттарымен марапаттады.
Ұлттық мереке – Республика күніне арналған салатанатты жиын барысында университет студенттерінің орындауындағы патриоттық әндер мен сазды да сырлы күйлерденден тұратын концерттік бағдарлама ұсынылды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]