Академиялық тәлімгерлердің маңызы

Академиялық тәлімгерлердің маңызы

«Семей медицина университетінің» КеАҚ Ішкі аурулар мен Ревматология кафедрасының базасында «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резиденттердің клиникалық базалардағы дайындығының мониторингі мен бақылауын жүргізу үшін Павлодар, Өскемен мен Семей қалалар стационарларында жұмыс атқарып жүрген резиденттермен оқу жылы бойы бірлесіп қызмет ететін академиялық тәлімгерлердің − профессор Жумадилова З.К. мен доцент Каскабаева А.Ш. маңызы зор. Олар оқу жылы бойы резиденттер осы стационарларда тәжірибелік денсаулық сақтаудың тәжірибелі және квалифицирленген дәрігерлер болған клиникалық тәлімгерлермен қатар жетекшілік етеді. «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша қазіргі уақытта  1 оқу жылының 4 резиденті және 2 оқу жылының 4 резиденті оқиды, оның ішінде 2 резидент «Семей медицина университетінің» КеАҚ Университеттік госпиталінің Гастроэнтерология бөлімінің базасында оқиды, 4 резидент – Өскемен қаласындағы университеттің филиал базасында және 2 резидент – Павлодар қаласындағы университеттің филиал базасында білім алады.

Академиялық тәлімгерлер резиденттермен оффлайн және онлайн сабақтар жүргізу барысында қазіргі уақытта заманауи клиникалық нұсқаулықтарды, классификацияларды, диагностика мен емдеу әдістерін талқылайды. Дүние жүзінде ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша жаңадан қолданып жүрген диагностика мен емдеу әдістерін күнделікті тәжірибеге енгізуге көмектеседі, ғылыми зерттеулерге қатысуға мүмкіндік береді. Олар резиденттердің клиникалық ойлау мүмкіндіктерін, өзін өзі жетілдіру мен үздіксіз кәсіби оқуға деген талпыныстарын арттырды. Резиденттер пациенттерді дәрігерлік қарау, пациенттермен және әріптестермен қарым қатынас кезінде дәрігерлік этика мен деонтология принциптерін ұстануға, диагностика мен емдеу дағдыларын игеруге, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға және белсенді түрде клиникалық талдаулар мен консилиумдарда, жаңа заманауи диагностика мен емдеу тәсілдерін талқылауға және енгізуге үйретуде. Бұның барлығы «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резиденттердің резидентураны өту жеріне байланыссыз өздерін білгір, адал мамандар ретінде қалыптастыруына көмектеседі.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқу процесі