2023 жылдың 13 желтоқсан күні балалар аурулары кафедрасының ассистенті Рахимбаева С.Ж. «Педиатрия» мамандығының 2432 кураторлық тобымен шылым шегу, алкоголизм, нашақорлықпен күресу, салауатты өмір салтын насихаттау туралы әңгімелесу өткізді. Қазіргі уақытта темекі шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану көптеген адамдардың өміріне терең сіңіп, күнделікті құбылысқа айналды. Олар денсаулыққа орасан зор зиян келтіріп, ауыр түрдегі ауруларды тудырады. Зиянды әдеттермен күресудің ең жақсы жолы – ешқашан темекі шекпеу, алкогольдік сусындарды ішпеу, психоактивті немесе есірткі заттарын қолданбау. Оқушылармен әңгімелесу барысында зиянды әдеттердің адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы көптеген мысалдар келтірілді. Денсаулығымызды қалай жақсартуға болатынын, неліктен спортпен шұғылданып, пайдалы тағамдарды жеу керектігін, таза ауада серуендеудің әсерін студенттермен бірге талқылады. Бассейндер мен фитнес орталықтарына бару бойынша ұсыныстар берілді.