Терапия кафедрасында «Клиникалық практикум» қысқы мектебі өтті
2024 жылдың 8 қаңтары мен 13 қаңтары аралығында Терапия кафедрасында шетел бөлімінің 5 курс студенттеріне арналған «Клиникалық практикум» қысқы мектебі өтті. Қысқы мектептің мақсаты – студенттердің практикалық және коммуникативті дағдыларын жетілдіру, науқастарға күтім жасауда өз бетінше дағдыларды меңгеру, кәсіби құзыреттіліктерді тереңдету және бекіту. Тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар: терапия кафедрасының меңгерушісі Мансурова Д.А., Орехов…