«Семей медицина университеті» КеАҚ-тың Семей қ. Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті Сайдуалиев Дастан Насыржанұлы 23.11.2023-21.12.2023ж. аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың «Жалпы медицина» мамандығының 6 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік практика» пәні бойынша дәріс пен практикалық сабақтар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, академиялық ұтқырлығы ұйымдастырылды. Дәріс пен практикалық сабақтартарында 6 курс студенттеріне қазіргі уақыттағы емханада қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы мәліметтер айтылды. Емханадағы жалпы дәрігерлік практика маманының жұмысы мен жауапкершілігі түсіндірілді. Емханадағы жалпы дәрігерлік практика маманының қандай бұйрықтармен жұмыс атқарылып жатқаны талқыланды. Сабақ және дәріс уақыттарында кері байланыс болды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]