«Бруцеллездің өзекті мәселелері» қысқы мектебі

«Бруцеллездің өзекті мәселелері» қысқы мектебі

«Бруцеллездің өзекті мәселелері» ғылыми мектебінің жұмыс жоспары бойынша 2024 жылғы 22-26 қаңтарда жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасында қысқы мектеп өткізілді, оған бірінші және екінші оқу жылының инфекционист резиденттері қатысты. Павлодар қаласында оқитын резиденттер де қатысқандықтан ZOOM платформасы арқылы онлайн-режимде өткізілді.

Ғылыми мектептің жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, Семей қ. ММУ еңбек сіңірген профессоры, «СМУ» КеАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының профессоры Муковозова Лидия Алексеевна «Бруцеллездің өзекті мәселелері» ғылыми мектебінің негізгі бағыттары мен жұмыс нәтижелерін ұсына отырып, қысқы мектептің жұмысын ашты.

Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Токаева Алма Зейноллақызы ересектердегі бруцеллез ауруының эпидемиологиясын, патогенезін, клиникасының өзекті мәселелерін ашты, ал балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының кандидаты Мансурова Анаргүл Абдоллаевна балалардағы бруцеллез ағымының клиникалық-эпидемиологиялық ерекшеліктерін ұсынды.

Қысқы мектеп жұмысының соңында профессор Муковозова Л.А. резиденттерге таңдалған мамандықтарын толық игеруді тілеп, ғылыми жұмыстармен айналысуға шақырды.

Қысқы мектепті өткізуге жауаптылар Муковозова Л.А., Тоқаева А.З.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқу процесі