Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын өзге ұлт жастары арасында насихаттау мақсатында 2024 жылдың 08 ақпанында «Семей медицина университеті» КеАҚ, жалпы білім беретін пәндер кафедрасы облыстық «Абай оқулары» байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу,студенттердің мәнерлеп оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық мұрасын насихаттау болды.
Байқау 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде Абай Құнанбаевтың өлеңін жатқа, мәнерлеп оқу болса, екінші кезеңде Абайдың қара сөзін жатқа, мәнерлеп оқу. Облыстық байқауға Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университет студенттері, Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің» студенттері, Семей медицина университеті студенттері қатысты.
І орынды Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің 2 курс студенті Салибаева Амина, ІІ орынды Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 2 курс студенті Мухаммад Усама Шахид Семей медицина университетінің студенті Нехорошева Алина, ІІІ орынды Семей мемлекеттік университетінің 1124 топ студенті Пятиков Никита мен 1301 топ студенті ГусейнлиТеймур, Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» студенті Демежанова Лания иеленді.
Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын өзге ұлт жастары арасында насихаттау мақсатында өткен облыстық «Абай оқулары» байқауынада әділқазылар алқасы құрамында белсене жұмыс атқарғаны үшін университет кітапхана қызметкерлері Т.А.Серикбаева Тогжан Арғынгазыевна мен Искакова Айгерим Советовнаға алғыс білдіреміз.
Байқау жеңімпаздарына алғыс хаттар табыс етілді.
Ұйымдастырушы: ЖББП кафедрасы, «Абайтану» үйірмесі[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]