Интерндер арасында салауатты өмір салтын насихаттау

Интерндер арасында салауатты өмір салтын насихаттау

2024 жылдың 14 ақпанында Семей қаласының жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының оқытушылары темекі шегуге, алкоголизмге, нашақорлыққа қарсы күреске арналған дөңгелек үстел өткізді. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар: м. ғ. д., профессор Дюсупова А. А., доцент м.а. Камашева Г. Т., кафедра ассистенттері: Ахметова В. Т., Терехова Т. И., Джармухаметова А. С.. 721.723 топтағы ЖТД дәрігер-интерндері қатысты.

Адамзат тарихындағы ең көп таралған жаман әдеттердің  бірі-алкоголизм мен нашақорлықпен қатар тұрған никотиномания. Темекі шегуге қарсы күрес бүкіл әлемде жүріп жатыр. Темекі шегуден бас тарту темекі шегудің “өтіліне” қарамастан кез келген жаста денсаулыққа пайдалы болады. Темекі шегуден бас тартудың көптеген жолдары бар. Бұл әртүрлі арнайы патчтар, таблеткалар, спрейлер, спорт, дұрыс тамақтану болуы мүмкін, бірақ ең бастысы – психологиялық көзқарас пен мотивация.

Халықты темекі шегудің, маскүнемдіктің және нашақорлықтың зияны туралы хабардар ету, бұқаралық спорттық — сауықтыру іс-шараларын, ағартушылық іс-шараларды, медициналық консультациялар мен скринингтік тексерулерді осы жұмысқа денсаулық орталықтарының медицина қызметкерлерін тарта отырып ұйымдастыру, сондай-ақ ЕПБ базасында жаман әдеттерден бас тартуға байланысты сұрақтарға жауап беру үшін жедел желі ұйымдастыру қажет.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]