«Ғылыми гастроэнтерологиялық мектеп» жұмысының барысныда және Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының жақсарту жобасының негізінде профессор Жұмаділова З.К. және доцент Қасқабаева А.Ш. басшылығымен «Ересектер, балалар гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша білім алатын резиденттердің профилактикалық жұмысы жүргізіле отырып алдын алу денсаулық мектептері өткізілді. Бауырдың метоболизімі бұзылған майлы ауруына негізделген «Гепатолог мектебінің» тиімділігіне баға беру, пациенттердің қауіп-қатер факторлары туралы білім деңгейін көтеру, пациенттердің емделуге бейімділігін арттыру, осылайша өмір сүру сапасын жақсарту міндеттері қойылды. Салауатты өмір салтын ұстану дегеніміз, пациентті сауықтыруға және дәрігердің ұсынымдары мен тағайындауларын орындауға ұмтылысын қолдау және дәрігер-пациент ара қатынастарындағы негізгі міндет болып табылады. Денсаулық мектептерінде сабақ өткізу үшін науқасты ғана емес, оның отбасы мүшелерін де тарту қажет. Оқыту кафедрада әзірленген бағдарлама бойынша жүргізіледі, бауыр майлы гепатозының даму қауыпі факторлары бойынша пациенттерге сауалнама жүргізу енгізілді. Резиденттер жеке және топтық әңгімелесулерді жүзеге асыруды: зиянды әдеттерден бас тарту, тамақтануды қалыпқа келтіру және тарату материалдарымен және денсаулықты бақылау күнделігін жүргізуді, қозғалыс гимнастикасын қолдануды түсіндіреді.