Қаламызда 12 ақпан мен 16 ақпан аралығында жоғарғы оқу орындар мен колледждар арасында баскетболдан қыздар арасында спартакиада өтті.
Біздің университеттің команда тобында;
Бибекова Гулимай Жанабекқызы – СМУ КеАҚ медицина мектеп деканының орынбасары;
Елькенова Ботагөз Асқарқызы – медицина мектеп әдіскері;
Қазез Аружан Асқарқызы – СМУ КеАҚ молекулярлық және медициналық генетика оқытушысы.
Сондай-ақ турнирге Шәкәрім атындағы университет, АБУ, педогогикалық колледж және ГРК командалары қатысты. Біздің қыздарымыз барлық командалармен кездесіп, оларға жеңіске деген ешқандай мүмкіншілік бермей, өздерінің шеберліктерімен жеңіске деген талпыныстарын көрсетті.
Жоғарғы оқу орындар мен колледж қызметкерлері арасында жыл сайын әр түрлі спорт түрлерінен спартакиадалар өткізіліп тұрады, қыздар арасында баскетбол алғашқы рет ұйымдастырылуда. Сондықтан біздің қыздарымыз алғашқы ойыннан бастап ерекше көзге түсіп өздерінің фаборит деп жариялап, турнирді бастады.
Команданы дайындап жарысқа шығарған дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы Селихов Иван Вячеславович.
Қыздарымызды және команда жаттықтырушысын жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тілейміз![/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]