Ішкі аурулар және ревматология кафедрасында “Гастроэнтерология” пәні “Терапия” мамандығы бойынша екінші жыл резиденттерімен 21.02.2024 жылы “Journal Club” кезекті отырысы өткізілді. Кафедра меңгерушісі академиялық тәлімгер А. Ш. Қасқабаева тақырыпты алдын ала бере отырып, мақалаларды таңдау жолдарында, электрондық ресурстардың талдау кезеңіндегі тереңдігін ұсынды. (Uptodate, Cochrane Library, pubmed, medline). Жұмыс дәлелді медицина тұрғысынан заманауи аналитикалық нәтижелерді көрсете отырып жасалынған презентациялар бойынша бағаланды. Келесі тақырыптар бойынша ақпарат көзіне міндетті сілтеме жасалды: “Гепаторенальды синдром”,” Гепатопульмональды синдром”,” Бауыр энцефалопатиясы синдромы ” сонымен қатар топтық жұмыстарға баса назар аударылды. “Journal Club” форматындағы пікірталас нәтижелері бойынша кері байланыста осы әдістеме бойынша оқыту электрондық ресурстармен жұмыс істеу дағдыларының дамуын көрсететінін, сыни ойлауды дамытатынын көрсетті. Ғылыми материалдарды жинау және талдау бойынша ұсыныстар берілді.
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы