Интерндердің ШҚО-ның белгілі денсаулық сақтауды ұйымдастырушысы Р.Ж.Рахимовамен кездесуі

Интерндердің ШҚО-ның белгілі денсаулық сақтауды ұйымдастырушысы Р.Ж.Рахимовамен кездесуі

27.02.24 «МУС» КеАҚ Өскемен филиалының жалпы дәрігерлік тәжірибе бөлімінде интернатурада оқитын 628 және 732 топ интерндері арасында «Вита-1» ЖШС директоры Рая Жанғалиқызы Рахимовамен кездесу ұйымдастырылды. Рая Жанғалиқызы – Шығыс Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау саласын үздік ұйымдастырушылардың бірі, «Ана мен бала орталығын» құрған, жоғарғы санатты балалар хирургі, жас хирургтар мен педиатрлардың тұтас бір галактикасын дайындаған талантты дәрігер. Рая Жанғалиқызы Құрмет» орденімен марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атағы берілген. Кездесу барысында қазіргі заманғы медицинаның түйткілді мәселелері талқыланып, Рая Жанғалиқызы болашақ дәрігерлермен дәрігер еңбек тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, еліміз заманауи деңгейде қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер білім деңгейін үнемі жетілдіріп отыру, шет тілдерін меңгеру қажеттігін айтты.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]