“Әз-Наурыз құтты болсын!”

“Әз-Наурыз құтты болсын!”

Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Осыған орай 19-шы наурыз күні ҚР ҰҒА академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының «Медицина»және «Педиатрия» бағдарламасы бойынша білім алушы жергілікті және шет елдік кураторлық топ студенттерінің ұйымдастыруымен “Әз-Наурыз құтты болсын!” шарасы атап өтілді. Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы А.М.Есентаеваның 1217 және 1220 Медицина бағдарламасы бойынша білім алушы топ студенттері осы шараға белсене қатысты. Атап өтілген шара төрт бөлімнен тұрды. Таныстыру бөлімінде 1220 топ студенттері Карафтинова Аэлита, Ерқанатұлы Дидар, Ануарбекова Назерке өз өнерлерін көрсетті. Ұлттық дәстүр бөлімінде 1217 топ студенттері қазақ халқының “Бесікке салу”, “Тыштыма”, “Тұсау кесу” текті дәстүрлерімен жалғастырды. Музыкалық өнер бөлімі бойынша 1220 топ студенттерінің биші қыздары өз өнерлерін паш етті. Шараның соңы 1217 топ студенттерінің ұйымдастыруымен жайылған “Ұлттық дастарханынан” дәм татумен аяқталды. Шара өте жоғары деңгейде өтіп, барлық топ студенттері ҚР ҰҒА академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытуышларына алғыстарын білдірді.

Жарияланды: