Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 2024 жылы 19 наурызда Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушысы Д.Е. Советбеков және ЖДТ кафедрасының ассистенті Д.Н. Сайдуалиев жалпы медицина мамандығының 5 курс студенттерімен (5215 топ) бірлесіп №16 Т. Аманов атындағы мектепке барды. Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – алғашқы көмек көрсету тәртібі мен базалық іс-шараларға практикалық дайындық және оқыту.
Мұндай іс-шараны өткізу университет үшін дәстүрлі және талапкерлер үшін қажет. Әңгімелесу барысында 10-11 сынып оқушыларын “СМУ” КЕАҚ білім беру бағдарламаларымен таныстырылды.
Кездесу соңында студенттер оқушыларға біздің ЖОО және университетке түсу ережелері туралы ақпараты бар буклеттер таратты.