«ДОБРЫЕ КРЫШЕЧКИ»: ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОР БОЛУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУ КЕРЕК

«ДОБРЫЕ КРЫШЕЧКИ»: ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОР БОЛУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУ КЕРЕК

ЖМ факультетінің 4101-топ студенттері  «Урология» пәнін өту барысында хирургиялық пәндер кафедрасы оқытушысы С.С. Бухариевамен бірге «ДОБРЫЕ КРЫШЕЧКИ» акциясына қатысты. Қалдықтарды сұрыптау тек біздің ғаламшарымызды таза ету үшін ғана керек емес. Сонымен қатар, біздің қолдауымызды қажет ететіндерге көмектесе алуымызда – «Мейірімді қақпақшалар» да осы қағида бойынша жұмыс істейді. Қайырымдылық үшін қақпақтарды жинау идеясы бүкіл әлемде танымал. Осындай алғашқы ірі акциялардың бірі Түркиядағы «Голубые крышечки » болды. Ол акция аясында медицина факультетінің студенті тәжірибеден өту кезінде мүгедектер арбасын алуға ақшасы болмағандықтан сал ауруына шалдыққан баласын көтеріп келе жатқан ананы көреді. Оның осыған  таңғалғаны сонша, ол өз институтында пластикалық бөтелке қақпақтарының коллекциясын ұйымдастырды. 3 айдан кейін қақпақтар қайта өңдеуге жіберіліп, түскен қаражатқа балаларға арналған мүгедектер арбасы сатып алынды. Мұндай жобалар Австралия, Германия, Қазақстан, Жапонияда және басқа да көптеген елдерде жүзеге асырылуда.

Семей қаласындағы қабылдау пункттері «Пеликан» логопедиялық орталығы. Бауыржан Момышұлы  көшесі 70 үй .

Баршаңызды осы акцияға қатысуға шақырамыз!

Жарияланды:
Рубрикалар: Волонтерлік жұмыс