2024 жылдың 2 сәуірінде Жалпы дәрігерлік практика кафедрасындағы оқытушы Ж. О. Теміртасова ЖМ 5214 тобының студенттерімен кураторлық сағат өткізді. Қоғамдық орындардағы және табиғаттағы мінез-құлық ережелері мен талаптары талқыланды. Өрт, күтпеген табиғи құбылыстар, жазатайым оқиға (жарақат, өткір ауру) кезіндегі іс-қимыл алгоритміне назар аударылды; тәртіпті сақтаудың, нұсқаушының (экскурсоводтың) барлық нұсқауларын нақты орындаудың, топтың орналасқан жерін өз бетінше қалдырмаудың маңыздылығы жайлы айтылды.Жергілікті дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды құрметтеу, табиғатқа, тарих және мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарау қажет.