2024 жылғы 19 сәуірде Өскемен қаласында “Адам және дәрі – Қазақстан” XVII халықаралық конгресі өтті. Конгресс клиникалық Кардиология және клиникалық неврология мәселелеріне арналды. Конгресс аясында ” Неврологиялық ауруларға байланысты медициналық ауытқулар” тақырыбында “СМУ” КеАҚ Семей қ. ЖТД кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер, DFID (халықаралық даму департаменті) ЖТД дәрігерлерін даярлау жөніндегі шебер-жаттықтырушы Т. И. Терехова сөз сөйледі. Баяндама барысында Қазақстан Республикасында балаларды қажетті вакциналармен оңтайлы қамту үшін негізгі кедергілер, нақты ұсыныстар берілді, клиникалық мысалдар келтірілді.